Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
23.09.2026
Қор қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын ұлықтады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қазақстан халқының Тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ағартушының ғылыми және рухани мұрасын танытуға арналған іс-шаралар өтті.

Қордың орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбындағы ақпараттық-танымдық кездесуге қатысып, ағартушының өмірі мен шығармашылығы, қазақ тілінің дамуына қосқан үлесімен танысты.

Сондай-ақ қызметкерлер үшін мемлекеттік тілде диктант, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Оған 70-тен астам қызметкер қатысты.

Бұдан бөлек, қызметкерлер «Менің тілім – менің мақтанышым» челленджіне қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының тіл, білім және ағартушылық туралы нақыл сөздерін жатқа айтты.

Мұндай бастамалар ұлт ұстазының мұрасын кейінгі буынға танытып қана қоймай, тіл мәдениетін дамытуға, ел бірлігі мен қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz