Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
11.09.2026
Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастықты нығайтуда
Басқарма төрағасының орынбасары Индира Ерденова бастаған Қазақстанның Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының делегациясы Ташкентте өткен «Денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары мен денсаулық сақтау жүйесіндегі стратегиялық сатып алулар» халықаралық конференцияға қатысты.

Халықаралық конференцияны Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры ұйымдастырды. Іс-шара Өзбекстан, Қазақстан, Литва, Қырғызстан, Молдова, Жапония мен Корея Республикасы өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар: ДДҰ, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, GIZ, ХЕҰ, UNICEF, JICA және P4H сарапшыларының басын қосты.

Қорға медициналық сақтандыру, стратегиялық сатып алуды дамыту және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мәселесіндегі халықаралық тәсілдер, оның ішінде Литва мен Жапонияның тәжірибесі, сондай-ақ ДДҰ-ның сараптамалық ұсынымдары ерекше практикалық маңызға ие.

Қор өкілдері сапар аясында жергілікті медициналық ұйымдарға барып, Өзбекстанның мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы мысалдарымен танысты.

Жұмыс сапары барысында екіжақты кездесу өтіп, оның қорытындысымен Қазақстан мен Өзбекстан қоры арасында 2027–2029 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Құжат өткен жылдың қараша айында тараптар қол қойған Мемлекеттік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумның практикалық жалғасы. Жоспар медициналық көмекті қаржыландыру, стратегиялық сатып алу, сапаны бақылау және денсаулық сақтаудағы цифрлық шешімдерді дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды көздейді.  

«Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық сақтандыру жүйесі ұқсас міндетті шешуде. Ол ең алдымен медициналық көмекті адамдар үшін қолжетімді, сапалы әрі түсінікті ету. Бұл үшін тек қаржылық тетіктер ғана емес, сонымен бірге практикалық тәжірибемен де тұрақты алмасу маңызды: қандай шешімдер нәтиже береді, сапаны бақылау қалай құрылады және пациенттердің құқығын қорғау қалай қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары Индира Ерденова.

Конференцияға қатысу Қорға
халықаралық сарапшылар қауымдастығымен кәсіби диалогты нығайтуға және Қазақстанда
МӘМС жүйесін одан әрі дамыту кезінде үздік тәжірибелерді ескеруге мүмкіндік
береді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz