27.08.2026
Қор медициналық көмекті қаржыландыруға 1,6 трлн теңге бағыттады
Қор медициналық көмекті қаржыландыруға 1,6 трлн теңге бағыттады Қор медициналық көмекті қаржыландыруға 1,6 трлн теңге бағыттады
2026 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек көрсетушілерге ТМККК және МӘМС шеңберінде 1,6 трлн теңге аударды. Оның ішінде 864,4 млрд теңге көрсетілген медициналық көмекке ақы төлеуге, ал 731,8 млрд теңге медициналық ұйымдарды аванстауға бағытталды.

Ақы төлеуге жалпы сомасы 1,186 трлн теңгені құрайтын медициналық қызмет көрсету актілері қабылданды. Қаржыландырудың жылдық жоспарының орындалуы 53%-ды құрады.

Жыл басынан бері есеп айырысу мерзімдеріне нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер, деректерді ұсыну, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің техникалық дайындығы әсер етті. Медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қор қосымша аванстау, актілерді ішінара жабу және жетіспейтін деректерді қолмен жүктеу тетіктерін қолданды.

Qalqan бірыңғай цифрлық төлем контурына көшу кезеңдерді жабу мерзімдерінің жүйелі түрде кешігу мәселесін шешудің тиімді жолы болып табылады. Платформа төлем жүргізілгенге дейін деректердің толықтығы мен дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Актілерді кезең-кезеңімен қалыптастыру тетігі медициналық қызметтердің жекелеген түрлері бойынша расталған көлемдерге ақы төлеуді актінің толық көлемде жабылуын күтпей жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 27 тамыздағы жағдай бойынша Qalqan жүйесі арқылы жалпы сомасы шамамен 4 млрд теңге болатын алғашқы төлемдер жүргізілді.



Ақпарат көзі

www.msqory.kz