23.07.2026
Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді
Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді Қор қызметкерлеріне ҚР заңнамасындағы өзекті конституциялық өзгерістер түсіндірілді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерінің қатысуымен кеңес-дәріс өтті. Іс-шара барысында Қор қызметкерлеріне конституциялық заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпарат берілді
Іс-шараға Қордың орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Іс-шараның негізгі спикері – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков.

Спикер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың қызметіне қойылатын қазіргі талаптар жоғары кәсіби құзыреттілікті ғана емес, заңдылық, парасаттылық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтауды да көздейтінін атап өтті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры маңызды әлеуметтік міндеттерді жүзеге асырып, күн сайын миллиондаған азаматтың мүддесіне қатысты мәселелермен жұмыс істейді.

Осыған байланысты Қордың әрбір қызметкері заңнама талаптарын біліп қана қоймай, оларды күнделікті қызметінде басшылыққа алуы, сондай-ақ заң үстемдігі, әділдік және қоғамға қызмет ету қағидаттарына негізделген шешімдер қабылдауы қажет.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz