17.07.2026
Қор жанындағы Қоғамдық-Консультативтік кеңес өз қызметін жетілдіру және денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелерін қарады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) жанындағы сараптамалық қоғамдастықпен ашық өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін кәсіби талқылауға арналған алаң болып табылатын Қоғамдық – Консультативтік кеңес (бұдан әрі – Кеңес) жұмысын жалғастырады.

2026 жылғы 16 шілдеде Астанада кеңес мүшелері мен Қор өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық-Консультативтік кеңестің екінші отырысы өтті.

Қатысушылар Кеңес туралы ережені өзектендіру, оның жұмыс тәртібін жетілдіру, ұйымдастырушылық мәселелерді нақтылау және Қормен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды қарады.

Отырыстың негізгі тақырыптарының бірі «Qalqan» ақпараттық жүйесінде медициналық қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылдың тәуекелге бағдарланған моделін енгізу болды.

Талқылауға медициналық ұйымдардың қызметін бағалау, оларды тәуекел деңгейлері бойынша санаттарға бөлу және мониторингті одан әрі жетілдіру тәсілдері ұсынылды.

Ұсынылған тәсілдер жеткізушілермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыруға, тәуекелдерді бақылауды күшейтуге және медициналық көмекті қаржыландыру процестерін жетілдіруге бағытталған.

Қатысушылар медициналық ұйымдар қызметінің ерекшеліктерін, өңірлік ерекшелігін және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі жекелеген өнім берушілердің рөлін ескере отырып, жаңа модельді кезең-кезеңімен енгізу қажеттігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ұсыныстармен алмасып, одан әрі талқылауды талап ететін бірқатар мәселелерді белгіледі.

Олар бойынша жұмыс Қоғамдық-Консультативтік кеңестің келесі отырыстары шеңберінде жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz