19.06.2026
КӨПЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕГІ МЕН КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ ҮШІН: ҚОР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Медицина қызметкері күні қарсаңында ӘМСҚ қызметкерлері көпжылдық еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Медицина қызметкері күні қарсаңында ӘМСҚ қызметкерлері көпжылдық еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қордың Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Копобаев «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бұл жоғары марапат оның кәсіби жолы мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы болды. Көп жылғы еңбегі мен салаға сіңірген қызметінен кейін Фазыл Копобаев еңбек жолын аяқтап, зейнеткерлік демалысқа шықты.

«Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:
• Шымкент қаласы филиалының бас сарапшысы, еңбек өтілі 41 жылды құрайтын Ибакүл Затаева;
• Павлодар облысы филиалының бас сарапшысы, осы салаға 36 жылға жуық өмірін арнаған Ботакөз Асамбаева.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар:
• аға менеджер Наргүл Қалиева;
• Ақмола облысы филиалы директорының орынбасары Әлия Жүсіпова;
• Қызылорда облысы филиалының бас сарапшысы Ақмарал Арзықұлова.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
• Астана қаласы филиалының бас сарапшысы Гүлбаршын Сембаева;
• Батыс Қазақстан облысы филиалы бөлімінің бастығы Қуаныш Сансызбаев;
• Қарағанды облысы филиалының бас сарапшысы Гүлзада Қалмағамбетова.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
• орталық аппараттың аға менеджері Гүлжан Тілеубердиева;
• Ақтөбе облысы филиалының бас сарапшысы Гүлжан Қалтаева;
• Ұлытау облысы филиалының сарапшысы Мадина Абдрахманова.

Сонымен қатар Алғыс хаттармен марапатталғандар:
• менеджер Луиза Масимова;
• Маңғыстау облысы филиалының бас сарапшысы Ақбаян Құлынбаева;
• Солтүстік Қазақстан облысы филиалы бөлімінің бастығы Лейла Садықова;
• Алматы қаласы филиалының бас сарапшысы Гүлсім Исаева.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, өз ісіне адалдығы, жұмысына жауапкершілікпен қарағаны және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.

Сіздердің кәсібиліктеріңіз, мол тәжірибелеріңіз бен күнделікті еңбектеріңіз еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің сенімді тірегіне айналып отыр.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz