17.03.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ МЕН САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мен жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
</p>
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мен жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы тәжірибе алмасуды, өзекті мәселелерді талқылауды, сондай-ақ бірлескен кездесулер мен іс-шараларды өткізуді көздейді.

Тараптар еңбек ұжымдарындағы даулы жағдайлардың алдын алу әдістерін жетілдіру және моральдық-этикалық ахуалды нығайту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.

Осындай Меморандум «Самұрық-Қазына» АҚ басқа портфельдік компанияларымен серіктестік келісім жасасуды көздейді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz