03.03.2026
ӘМСҚ-ДАҒЫ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР: БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖӘНЕ ЕЛОРДАЛЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық өзгерістер жалғасуда.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрлық өзгерістер жалғасуда. Қор ұжымына Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Берегенова таныстырылды. Айгуль Берегенова Оның еңбек өтілі 37 жылдан асады. Көп жылдар бойы денсаулық сақтау саласында, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-та қызмет атқарған.

2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін Айгүл Берегенова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сауле Тәжібаева Қордың Астана қаласы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Сауле Тажибаева Еңбек жолын Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы блогынан бастаған. Осы салада 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-та 2024 жылдың шілде айынан бері еңбек етеді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz