02.03.2026
ҚОР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры интернет-алаяқтық фактілерінің анықталғаны туралы хабарлайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры интернет-алаяқтық фактілерінің анықталғаны туралы хабарлайды. Қаскөйлердің заңсыз әрекет етіп, Қор басшылығының атынан оның фотосуретін пайдалана отырып, хабарламалар мен үндеулер тарату арқылы азаматтарды алдап жүргені анықталды.

Осыған байланысты Қор басшылығы мен қызметкерлері мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жеке хабарламалар мен үндеулер жібермейтінін, сондай-ақ азаматтардан дербес деректерді, ақшалай қаражатты немесе өзге де мәліметтерді сұратпайтынын ресми түрде мәлімдейді.

Қор азаматтарды қырағылық танытуға және осындай фактілер анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға, сонымен қатар тек Қордың ресми ақпарат көздеріндегі мәліметтерді пайдалануға шақырады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz