30.01.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Бақытжан Абдуллаев ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.  Бахытжан Абдуллаев Ол медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен. Астанадағы  №1 қалалық ауруханада санитар, акушер қызметінен бастап, трансфузиолог,  хирург дәрігері, бөлім басшысы болған. Аталған ауруханада бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды. 
2023 жылдан қазірге дейін  Шымкент қаласында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.  Сондай-ақ, Индира Ерденова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.   Индира Сайлаубековна Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде бірқатар жыл жұмыс істеген.  Атап айтсақ, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетте, сондай-ақ, Қазынашылық комитетінде бас сарапшыдан бастап Ішкі сатып алулар және активтер департаментінде басшылық қызмет атқарған. 
Бүгінге дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру департаментінің директоры болды. 

Ақпарат көзі

www.msqory.kz