23.01.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ҰЖЫМЫНА БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ұжымына басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ұжымына басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды.

Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген.Айталық, салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Сол секілді Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары болған.

Бүгінге дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент директоры ретінде еңбек еткен.

Осы ретте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі халықтың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, қаражатты мақсатты әрі ашық бөлуге, сонымен бірге сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталатынын айта кеткен орынды.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz