23.01.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбекті таныстырды.
ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбекті таныстырды.
Оның кәсіби медициналық білімі, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) дәрежесімен денсаулық сақтау саласында басқарушылық тәжірибесі бар.

Гүлмира Сабденбек әр жылдары басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қоса «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Кейінгі қызметте ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқанын атап өткен жөн.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz