26.01.2026
FREEDOM BANK МӘМС СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМАЛАР СЕРВИСІН ЕНГІЗДІ
2025 жылдың тамыз айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Freedom Bank өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың мақсаты -   азаматтардың құқықтарын қорғауды және МӘМС шеңберінде медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

2025 жылдың тамыз айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Freedom Bank өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың мақсаты - азаматтардың құқықтарын қорғауды және МӘМС шеңберінде медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Freedom Bank клиенттерді МӘМС жүйесіндегі жарналар бойынша өткізіп алған төлемдер туралы проактивті түрде хабардар ету үшін push-хабарламалар сервисін іске қосты.

Хабарламалар Freedom Bank-тің Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады және ай сайын қызмет алушылардың үш санатына жіберіледі:
- мәртебесі «медициналық қызметтерді тұтынушы емес» (сақтандырылмаған) тұлғаларға;
- келесі айда сақтандырылған мәртебесін жоғалтатын тұлғаларға;
- соңғы өткен ай үшін төлемі жоқ тұлғаларға.

«Банк мобильді қосымшалары арнасы өзінің кең таралуы, ыңғайлылығы, функционалының кеңдігі және жарналарды сол қосымша арқылы төлеу мүмкіндігіне байланысты таңдалды. Қазіргі уақытта Қор тарапынан осы сервисті екінші деңгейлі басқа банктерге қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Рамазанова.

Айта кетейік, МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру бойынша осындай сервис бұған дейін Halyk Bank және Eurasian Bank мобильді қосымшаларында іске асырылған, сондай-ақ Kaspi Bank тарапынан енгізу жағы қарастырылуда.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz