03.12.2025
ҚОРДЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының жаңа орынбасары қызметіне Жұлдыз Рамазанова тағайындалды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының жаңа орынбасары қызметіне Жұлдыз Рамазанова тағайындалды. Жұлдыз Рамазанова – мамандығы бойынша экономист және заңгер. Еңбек жолын Павлодар облысының Экономика департаментінде бастаған. Түрлі кезеңдерде ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2020 жылдан 2025 жылдың маусымына дейін Жұлдыз Мейрамқызы ӘМСҚ бюджеттеу департаментінің директоры болып еңбек етті.

«Жұлдыз Мейрамқызы – Қорда бес жылдан астам уақыт қызмет еткен тәжірибелі әрі білікті маман. Ол Қордың қаржылық үдерістерін және жұмыс ерекшеліктерін жақсы меңгерген. Әріптесімізге жаңа лауазымында табыс тілеймін», – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сәуле Тәжібаева.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz