01.12.2025
ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ТАРИФТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қорда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуы мәселелері бойынша Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қорда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуы мәселелері бойынша Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Кеңес мүшелері ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастырудың негізгі қағидаттарын, тәртібін және негізгі кезеңдерін жан-жақты қарастырды. Кеңес мүшелері тарифтік саясаттың ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның қазіргі заманғы денсаулық сақтау талаптарына сай болуының маңыздылығын атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрлігіне «Тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрықты қайта қарауды ұсынып, оны бірқатар маңызды ережелермен толықтыру қажеттігін айтты. Атап айтқанда:
· ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған медициналық технологияларды бағалау тетіктерін енгізу;
· деректердің салыстырмалылығын және тарифтерді қалыптастырудың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органының эталондық денсаулық сақтау субъектілерін іріктеу критерийлерін нақтылау.

«Әділ және экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтерді қалыптастыру – МӘМС жүйесінің тұрақтылығының негізгі элементі. Сондықтан әдістеме қазіргі клиникалық тәсілдерді де, медициналық ұйымдардың нақты шығындарын да ескеруі маңызды», – деп атап өтті Қордың басқарма төрағасының орынбасары Сауле Тәжібаева.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz