04.12.2025
МӘМС МӘРТЕБЕСІ МЕН ТӨЛЕМДЕРІН «FORTE BANK» АҚ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ДА ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі енді ForteApp мобильді қосымшасында енгізілді.
Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) тексеру сервисі енді ForteApp мобильді қосымшасында енгізілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сақтандырудың мәртебесін тексерудің қолжетімді тәсілдерін кеңейту және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда. Енді Сіз мұны ForteApp мобильді қосымшасында да қарай аласыз.

Ол үшін App Store және Google Play-де қолжетімді мобильді қосымшаны орнату қажет, оған кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, «Анықтамалар» кіші бөліміне өтіңіз, содан кейін «МӘМС мәртебесі» кіші бөлімінде Сіздің мәртебеңіз көрсетіледі. Қажет болса, Сіз соңғы 12 айдағы төлем тарихын көре аласыз.

Айта кетейік, «Forte Bank» АҚ МӘМС мәртебесін тексеру бойынша сервисті іске асырған сегізінші екінші деңгейдегі банк болып табылады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz