24.11.2025
ҚОР БІРЛЕСІП ТӨЛЕУГЕ ҚАТЫСУ БОЙЫНША ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірлесіп төлеу тетігіне қатысу үшін дәрілік заттар айналысы саласындағы субъектілерден және/немесе консорциумдардан өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен бекітілген Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес бірлесіп төлеу тетігіне қатысу үшін дәрілік заттар айналысы саласындағы субъектілерден және/немесе консорциумдардан өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Бірлесіп төлеу тетігіне қатысу үшін өтініш берушілер белгіленген нысандарға сәйкес техникалық әзірлікке, үйлесімділікке және өнеркәсіптік пайдалану мүмкіндігіне бірлесіп төлеудің ақпараттық жүйесін тексеруден өтуін қамтамасыз етуі қажет.
Бірлесіп төлеудің ақпараттық жүйесін тексеруден өтуге өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2025 жылғы қарашаның 24-нен бастап 25-не дейін. Бірлесіп төлеудің ақпараттық жүйесін тестілеуден сәтті өткеннен кейін өтініш берушілер қорға бірлесіп төлеу шартын жасасуға өтінім жібереді.
Шарт жасасуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2025 жылдың 4-5 желтоқсаны.

Құжаттарды тапсыру тәртібі: құжаттарды қабылдау қағаз түрінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қатысу үшін қажетті құжаттар Қор сайтының «Жеткізушілер» бөліміндегі «Ережелер мен құжаттар» бөлімінде қолжетімді.

Анықтамалар үшін байланыс ақпараты: Тел. 8(7172) 674-674 (вн.2801, 2804, 2805)

Электрондық пошта: kanc@fms.kz

Ақпарат көзі

www.msqory.kz