17.11.2025
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ
15 қарашада Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекеттік кеңесінің екінші отырысы аясында екі ел президенттерінің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.
15 қарашада Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекеттік кеңесінің екінші отырысы аясында екі ел президенттерінің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры арасындағы мемлекеттік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум бар. Құжат негізгі бағыттар бойынша серіктестік қатынастарды дамыту мен тәжірибе алмасуды көздейді:
- міндетті медициналық сақтандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру;
- медициналық қызметтерді жоспарлау, тарифтеу және төлеу;
- цифрлық ақпараттық платформаларды құру және дамыту.

Меморандумға қол қою 2025 жылғы 13–17 қазан аралығында Ташкентте өткен «Қазақстан медицинасы күндері» аясында жасалған келісімдердің нәтижесі болды.

Қазақстан делегациясы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Кұлсейітовтың бастауымен жұмыс кездесулерін өткізді, онда екі елдің медициналық сақтандыру жүйесіне арналған презентациялар көрсетілді. Нәтижесінде ұзақмерзімді серіктестік құру және денсаулық сақтау саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы ортақ шешім қабылданды.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz