31.10.2025
ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысында МӘМС және ТМККК жүйесінде қызметтерге ақы төлеуді жетілдіру жөніндегі шаралар талқыланды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысында МӘМС және ТМККК жүйесінде қызметтерге ақы төлеуді жетілдіру жөніндегі шаралар талқыланды. Қоғамдық-консультативтік кеңестің отырысында жеткізушілердің есепке алу жүйелерін интеграциялау бөлігінде қосылу туралы шартқа негізгі өзгерістер талқыланды, сондай-ақ ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына (сызықтық шкаланы қолдану қағидатын қоса алғанда) өзгерістер қаралды. Сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілеріне ТМККК және МӘМС көрсетілген қызметтері үшін төлемнің уақтылы төленуін қамтамасыз ету үшін қолданылатын шаралар, соның ішінде қолданылатын төлем әдістері мен тариф белгілеудің тиімділігін бағалау талқыланды.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 103 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 қазаннан бастап төлемді Денсаулық сақтау субъектілерінің нақты, тексерілген қызметінің тікелей көрінісіне айналдыра отырып, медициналық көмек көрсету сапасын ынталандыру, көлемдерді сақтау және есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін тиімді қаржылық бақылау мақсатында, сызықтық шкаланы қолданудың жаңа тетігі бекітілді, атап айтқанда ұстап қалу кезектілігінің логикасы қайта қаралды. Соған сәйкес, қазір бірінші кезекте сапа мен көлем мониторингінің нәтижелері бойынша алу жүзеге асырылады, содан кейін ғана сызықтық шкала қолданылады.

Бұдан бөлек, отырыста «Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек» түрі бойынша Медициналық қызметтерді көрсетушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу үшін денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын негізгі талаптар айтылды.

Қоғамдық-консультативтік кеңес мүшелері Қорға жеткізушілердің (денсаулық сақтау субъектілерінің) сұрақтары бойынша хабардарлығын арттыру бойынша ұсынымдар берілді:
- ұзақ мерзімді шарттар жасасу үшін жеткізушілерді іріктеу критерийлері;
- медициналық көмектің сапасын мониторингілеу нәтижелеріне қарсылықтар беру.

«2025 жылғы 14 шілдедегі Заңды іске асыру мақсатында қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін есепті кезеңде түскен қаражат көлемі, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің түрлеріне бөлінген қаражат, көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдарға төленген қаражат және Қордың әкімшілік шығыстары туралы мәліметтер тоқсан сайын жарияланып отырады», - деп атап өтті Қордың басқарма төрағасының орынбасары Сауле Тәжібаева.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz