03.10.2025
ҚОРДЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қордың басқарма төрағасының бұйрығымен Әсел Нұғманова Атырау облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол Орталық аппараттағы жоспарлау департаменті директорының орынбасары болды.
Қордың басқарма төрағасының бұйрығымен Әсел Нұғманова Атырау облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол Орталық аппараттағы жоспарлау департаменті директорының орынбасары болды. Әсел Жалғасқызы «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған. Еңбек өтілі 14 жылды құрайды, оның ішінде 5 жылдан астам уақыт Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қызмет атқарған.

2013 жылдан 2020 жылға дейін Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен.

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов филиал ұжымына Әсел Нұғманованы таныстыру барысында оның кәсіби тәжірибесін атап өтті және бұл тағайындау филиал жұмысының одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz