01.10.2025
ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР БОЙЫНША МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ПІКІР АЛМАСТЫ
30 қыркүйекте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қоғамдық-консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шара барысында Кеңестің төрағасы қайта сайланды.
30 қыркүйекте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қоғамдық-консультативтік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шара барысында Кеңестің төрағасы қайта сайланды. Кезекті отырысқа ҚР Парламенті депутаттары, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты. Бұл жолы «Қазақстандық гематолог - дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ирина Пивоварова Қоғамдық-консультативтік кеңестің төрағасы болып сайланды. Ал «Қазақстандық телемедицина және электрондық денсаулық сақтау ассоциациясы «QazTEH» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Лейла Даирбаева төраға орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұрын сайланған Қоғамдық-консультативтік кеңестің төрағасы Константин Авершин өз өтініші бойынша кеңестен шығарылды.
Шара барысында Кеңес мүшелері ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерімен жасалған шарттар талаптарының орындалуын мониторингілеу қағидаларына енгізілген негізгі өзгерістерді талқылады. Басты назар мониторинг түрлерін екіге (ағымдағы және жоспардан тыс) қысқартуға, ықтимал кемшіліктерді аумақтан тыс қарау тетігін енгізуге, процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ апелляция институтын енгізуге аударылды.
Сондай-ақ Қор тарапынан жаңа тәсілдер бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері ұсынылып, Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің форматтық-логикалық бақылауларды қолдану тәртібі талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесінде қолданылатын алгоритмдерді бейінді қауымдастықтармен талқылау жөнінде ұсыныстар берді.
«МӘМС жүйесін жетілдіруге қатысты ұсынымдарыңыз бен Қор қызметінің тиімділігі, ашықтығы мен айқындығын арттыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. 2025 жылға арналған Қоғамдық-консультативтік кеңес жұмыстарының жоспарына сәйкес, келесі отырыс медициналық қызметтерге ақы төлеу сұрақтарын талқылауға арналады», – деп атап өтті кездесу соңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тажибаева.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz