04.08.2025
ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК КЛИЕНТТЕРІ МӘМС БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДЫ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАДА АЛАДЫ
2024 жылғы желтоқсанда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Еуразиялық банк міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдерді өткізіп алған кезде банктің клиенттеріне push-хабарламалар жіберу туралы келісімге қол қойды.
2024 жылғы желтоқсанда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Еуразиялық банк міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдерді өткізіп алған кезде банктің клиенттеріне push-хабарламалар жіберу туралы келісімге қол қойды. Бүгінгі таңда сервистерді интеграциялау бойынша барлық техникалық жұмыстар аяқталды. 2025 жылдың 1 тамызында банк клиенттеріне өткізіп алған төлемдер туралы алғашқы хабарламалар жіберілді.

Хабарламалар үш санат бойынша ай сайын жіберіледі:
• «медициналық қызметтерді тұтынушы емес (сақтандырылмаған)» мәртебесі бар адамдарға;
• келесі айда сақтандырылған мәртебесі аяқталатын адамдарға;
• соңғы өткен айда төлемі жоқ адамдарға.

«Сервисті енгізудің мақсаты – МӘМС төлеушілердің жүйе шеңберінде медициналық көмек алу құқығын қорғау, сондай-ақ белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Біз банктердің мобильдік қосымшалар арнасын оның танымалдылығы, ыңғайлылығы, кең функционалдылығы және тікелей қосымшада төлем жасау мүмкіндігі үшін таңдадық», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

«Еуразиялық банк әрқашан біздің клиенттеріміздің өмірін жеңілдететін және ыңғайлы ететін инновациялық сервистерді енгізуге ұмтылады. Біз МӘМС бойынша push-хабарламаларды іске асырған алғашқы банк болғанымызды мақтан тұтамыз. Енді біздің клиенттеріміз маңызды ақпаратты жедел ала алады және өздерінің сақтандыру мәртебесінен хабардар бола алады», – деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарушы директоры Әлішер Елубаев.

Еуразиялық банк МӘМС бойынша хабарламалар сервисін мобильді қосымша арқылы елімізде бірінші болып іске асырды. Екінші деңгейдегі басқа банктерді жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz