01.08.2025
ҮЗДІКТЕРДІ ТАҢДАЙМЫЗ: «МСАК КӨШБАСШЫСЫ» АТТЫ ЕМХАНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ
Бүгін, яғни 1 тамызда еліміздің түпкір-түпкірінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арасында байқау басталды. Шараны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары ұйымдастырып отыр.
Бүгін, яғни 1 тамызда еліміздің түпкір-түпкірінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арасында байқау басталды. Шараны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары ұйымдастырып отыр. Аймақтың үздік емханасы келесі шарттар негізінде анықталады:
• МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар санын арттыру;
• Емхана жұмысына қатысты шағымдардың санын азайту;
• Тіркелген азаматтар арасында МӘМС жүйесі мен Пациенттерді қолдау қызметі жұмысы жөнінде сауалнама жүргізу;
• Динамикалық бақылаудағы азаматтардың жедел ауруханаға жатқызылу деңгейін өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендету;
• МӘМС жүйесінің артықшылықтары және принциптері, сондай-ақ жарналар мен аударымдар тәртібі туралы ақпараттық материалдарды БАҚ мен әлеуметтік желілерде жариялау.

Конкурс 1 тамыздан бастап 30 қараша аралығында өтеді. Жеңімпаздар 2025 жылдың 11-18 желтоқсан аралығында жарияланады.

Айта кетейік, Қор өткен жылы осындай байқауды еліміздің 18 өңірінде өткізген еді. Ол медициналық қызмет көрсетушілер мен Қор арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға септігін тигізді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz