26.06.2025
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
<h3><i>2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.</i></h3>
<i> </i><br>
<br>

2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.

Азаматтар мен жұмыс берушілерден аударылған жарналар мен төлемдер сомасы 1 трлн 253 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жұмыс берушілер 529,9 млрд теңге аударса, қызметкерлер 346,7 млрд теңге жарна төледі. Мемлекеттің жарнасы     289 млрд теңге, ал жеке кәсіпкерлерден түскен сома 57 млрд теңгеге тең. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын тұлғалардан 14,8 млрд теңге, дербес төлеушілерден 12 млрд теңге жиналды.

11,7 млн-нан астам сақтандырылған азамат МӘМС аясында 1,1 трлн теңгеден астам сомаға тең медициналық көмек алды. Бұл ретте бір адамның емхана немесе ауруханаға барған кезде бірнеше қызмет алатынын ескеру қажет.

https://kaz.inform.kz/news/mams-ayasinda-11-trln-tengege-meditsinalik-komek-korsetld-a1d9fe/ 

Ақпарат көзі

www.msqory.kz