26.06.2025
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ  МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
<p style="text-align: justify;">
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
</p>
Сатып алу жоспары мен қаржыландыру

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылдың қорытындысын жариялады. Екі пакет бойынша медициналық көмекті қаржыландыруға 2,8 трлн теңге қарастырылды, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 8%-ға артқан.

«Қор бекітілген сатып алу жоспары аясында 1975 медициналық қызмет көрсетушімен 2,5 трлн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасады. Олардың басым бөлігі – 1274-і (64,5%) жекеменшік клиника. 2023 жылы бұл көрсеткіш 1260 болған. Клиникалар амбулаториялық гемодиализ, консультациялық-диагностикалық қызметтер, стационарды алмастыратын және стационарлық көмек, МСАК, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, қалпына келтіру және медициналық оңалту секілді негізгі медициналық көмек түрлерінде маңызды рөл атқарады», – деді ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева.
МӘМС жүйесін енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласының бюджетін жыл сайын ұлғайтуға мүмкіндік туды. 2024 жылы жедел медициналық көмек мен санитарлық авиацияны қаржыландыру 16%-ға, стационарлық көмек – 12%-ға, консультациялық-диагностикалық көмек – 12%-ға, стационарды алмастыратын көмек – 11%-ға, амбулаториялық гемодиализ – 10%-ға, ауылдық жердегі стационарлық және стационарды алмастыратын мамандандырылған көмек 10%-ға өсті. 
Қандай қызметтер көрсетілді?
Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің үлесі айтарлықтай жоғары – 578,48 млрд теңгені құрады. 774 мың жағдай бойынша стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек            81,65 млрд теңгеге көрсетілді. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерге 21,6 мыңнан астам пациент үшін 90,2 млрд теңге төленді. 
Консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 139 млн-ға жуықтап, жалпы құны 350,62 млрд теңге болды. Оның ішінде МӘМС аясында 30,58 млрд теңгеге 6,3 млн-нан астам жедел және жоспарлы стоматологиялық қызметтер көрсетілді.
Медициналық оңалту бойынша 76,51 млрд теңгеге шамамен 9,4 млн қызмет көрсетілді. Өткен жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда 422,6 мыңнан астам пациент емделіп, оған 240 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Күндізгі стационарда шамамен 861,9 мың емге 87,5 млрд теңге бөлінді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz