02.04.2025
АЙДЫН ҚҰЛСЕЙІТОВ ӘМСҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қор ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
        Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қор ұжымына жаңа басшыны таныстырды.         2 сәуір күні Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы лауазымына Айдын Құлсейітов тағайындалды.

        Қор ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында министр Ақмарал Әлназарова оның мемлекеттік қызметтегі және корпоративтік сектордағы тәжірибесі мол екенін атап өтті.

        Айдын Құлсейітов Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-экономист», сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік басқару менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

        Еңбек жолын жеке секторда бастап, басшылық қызметтер атқарған. Кейін мемлекеттік қызметке ауысып, Индустрия және сауда министрлігінде, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде жұмыс істеді. Сонымен қатар «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

        2017 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінде басшылық қызметтерде болды. Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды, онда әлеуметтік саясат және реформалар бағытымен айналысты.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz