02.04.2025
2025 ЖЫЛЫ ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ШАМАМЕН 507 МЛРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында медициналық ұйымдарға төлем жүргізу барысы туралы есеп берді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында медициналық ұйымдарға төлем жүргізу барысы туралы есеп берді. ТМККК және МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек көрсету үшін Қор биыл медициналық ұйымдармен 2 469,9 млрд теңге сомасына медициналық қызметтерді сатып алуға келісімшарт жасасты.

Бүгінгі таңда ел бойынша 504,5 млрд теңге төленді, оның ішінде 306,2 млрд теңге жеткізушілерге аванстық төлем ретінде аударылды.

«31 наурыздағы жағдай бойынша 1858 медициналық ұйымның 1850-іне көрсетілген қызметтер үшін төлем жүргізілді. Қаңтар айының төлемі 99,6%-ға жабылды. Қазір ақпан айының төлемдерін толық төлеу жұмыстары жүргізілуде», – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Медициналық қызметтер үшін ақы төлеумен қатар, азаматтарды амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 52,6 млрд теңге бөлінді.

Айта кетейік, биыл медициналық қызметтерге төлем Қордың «Сақтандыру» ақпараттық жүйесі арқылы толыққанды жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, Қорда ТМККК мен МӘМС жүйесі аясындағы қызметтер үшін республикалық бюджеттен қаражаттың уақытылы әрі толық көлемде түспеу мәселесі әлі де бар екенін атап өтті. Бұл жағдай ҚР Қаржы министрлігінің өтімділік тапшылығына байланысты орын алып отыр.

Қор медициналық қызметтердің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жеткізушілерге уақытылы қаржы бөлу бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Алайда Қаржы министрлігінен қаражаттың түсуіне қарай төлемдер жүргізілуде.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz