13.03.2025
ҚОРДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ КЕЗЕКТІ  ІШКІ ТАЛДАУ ЖАСАЙДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ағымдағы жылдың 31 наурызынан бастап Қордың ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ағымдағы жылдың 31 наурызынан бастап Қордың ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Қордың қызметін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы бойынша оның ұйымдастырушылық-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар зерттеудің негізгі объектілері болып табылады. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің, ішкі бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қызметтерінің іс-шараларының нәтижелері, прокурорлық қадағалау актілері, сот актілері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасының заңнамасында беруге жол берілетін өзге де мәліметтер зерделенеді. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ақпаратты жұмыс тобы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдайды

Ақпарат көзі

www.msqory.kz