Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
ЕУРАЗИЯЛЫЗ БАНК МӘМС МӘРТЕБЕСІН ТЕКСЕРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕРВИСТІ ҚОСТЫ
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
МӘМС жүйесіндегі мәртебені және жасалған төлемдерді енді Еуразиялық банктің мобильді қосымшасының пайдаланушылары да тексере алады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіндегі сақтандырудың мәртебесін тексеру және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету үшін арналар мен құралдарды кеңейтуді жалғастыруда. Енді мұны Еуразиялық банктің Smartbank мобильді қосымшасында да жасауға болады.
«Еуразиялық банкпен әріптестікті қоса алғанда, ақпараттық арналарды кеңейту азаматтардың жарналарды уақтылы төлеу туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі. Бұл банк клиенттеріне МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етеді», – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова атап өтті.
«Біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп Smartbank қосымшасында клиенттерге олардың сақтандырылғанын немесе сақтандырылмағанын тексеруге мүмкіндік беретін қызметті іске қостық. Бұл ретте олар қандай айлар бойынша өткізіп алған төлемдер бар екенін көре алады. Біз өз пайдаланушыларымызға ыңғайлы сервисті қамтамасыз ету үшін біздің қосымшамызда мемлекеттік қызметтерді іске асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», – «Еуразиялық банк» АҚ мемлекеттік сервистерді дамыту жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Елубаев атап өтті.
Мәртебені тексеру қызметін пайдалану үшін банк клиенттері Smartbank мобильді қосымшасын орнатып, оған кіруі керек. Әрі қарай, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдап, «МӘМС туралы ақпарат» бөлімшесіне өтіп, ЖСН енгізіңіз. Мәртебемен бірге соңғы 12 айдағы төлемдер тарихы көрсетіледі.
Айта кетейік, МӘМС мәртебесін тексеру сервисі осы жылы Freedom Bank, Bereke Bank, Home Credit Bank мобильді қосымшаларында, ал бұдан бұрын – Халық банкінің, Kaspi Bank және ЦентрКредит Банкінің мобильді қосымшаларында іске асырылған болатын. Екінші деңгейдегі басқа банктердің мобильді қосымшаларында сервисті орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ақпарат көзі