04.03.2025
ҚР ӘМСҚ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ММС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат міндетті медициналық сақтандыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған. Қол қою рәсімінде тараптардың өкілдері бұл келісімнің денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тиімді механизмдерін дамытуға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау саласындағы қаржылық басқарудың озық тәжірибелерімен алмасу, цифрлық шешімдерді енгізу және мамандардың біліктілігін арттыруды қамтиды. Меморандумға қол қою – екі елдің міндетті медициналық сақтандыру жүйесін дамытудағы әріптестігіне жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті ҚР ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.

Оның айтуынша, Қор денсаулық сақтау және міндетті медициналық сақтандыру саласындағы жетекші ұйымдармен халықаралық әріптестікті дамыту жұмыстарын жалғастыруда.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ӘМСҚ Литваның МСҚ, РФ ММСҚ және Өзбекстанның ММСҚ меморандумдар жасаған болатын.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz