28.02.2025
HOME CREDIT BANK МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА ДА МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Медициналық қызметтерді тұтынушының (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) мәртебесін тексеру сервисі енді Home Credit Bank мобильді қосымшасына енгізілді.
Медициналық қызметтерді тұтынушының (сақтандырылған/ сақтандырылмаған) мәртебесін тексеру сервисі енді Home Credit Bank мобильді қосымшасына енгізілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін анықтау және соңғы 12 айдағы төлемдерді көру мүмкіндігін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Енді бұл қызмет Home.kz мобильді қосымшасында да қолжетімді. Алдымен қосымшаны жүктеп, тіркелу керек. Ары қарай «Мен үшін» бөлімінен «Мемлекеттік қызметтерге» өтіп, «МӘМС» бөлімінде ЖСН теру керек. Қажет болса, соңғы 12 айдағы төлемдерді көруге болады.

«МӘМС жүйесінің негізгі қағидаларының бірі – аударымдар мен жарналардың міндеттілігі. Ай сайынғы төлемдер арқылы азаматтар сақтандыру пакеті аясында медициналық көмек ала алады. Қор азаматтардың өз құқықтары туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттандыру арналарының қолжетімділігін кеңейту жұмыстарын жүргізуде», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

«Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисін Home.kz мобильді қосымшасына біріктіре алғанымызға қуаныштымыз. Бұл – азаматтардың өздеріне маңызды ақпаратқа қолжетімділігін жеңілдету және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы маңызды қадам», – деді Home Credit Bank стратегия, серіктестік және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Станислав Тян.

Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені Қордың ресми сайты, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, және келесі мобильді қосымшалар арқылы тексеруге болады:
• Qoldau 24/7
• Damumed
• Halyk
• BCC.KZ
• Kaspi.kz
• Freedom SuperApp
• Bereke bank
Сондай-ақ, egov.kz сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударылған төлемдер туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі қолжетімді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz