28.01.2025
ҚОРДЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бұл қызметке Нұрбол Тымпиев тағайындалды. Ол бұған дейін өңірдің денсаулық сақтау басқармасын басқарған.
Бұл қызметке Нұрбол Тымпиев тағайындалды. Ол бұған дейін өңірдің денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Нұрбол Қанатұлы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмәмдаған, сондай-ақ «Денсаулық сақтау» және «Экономика ғылымдарының магистрі» дәрежесіне ие.

Жалпы жұмыс өтілі – шамамен 11 жыл, оның ішінде 7 жылдан астам уақыт жетекшілік қызметтерде еңбек етті.

2021-2024 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша Қор филиалының сатып алу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді, кейін облыстың денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Светлана Пономарева жаңа филиал басшысын ұжымға таныстыру барысында Нұрбол Қанатұлының өңірдің өзекті мәселелерін жақсы білетінін атап өтті.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz