13.12.2024
ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ЖЫЛДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІНІҢ  81%-ЫН ТӨЛЕДІ
12 желтоқсандағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникаларға 2 трлн 298 млрд теңге төлем жасады. Қазіргі уақытта қараша айы бойынша есеп айырысу жүргізілуде.
12 желтоқсандағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникаларға 2 трлн 298 млрд теңге төлем жасады. Қазіргі уақытта қараша айы бойынша есеп айырысу жүргізілуде. Қор Денсаулық сақтау министрлігінің бұрын медициналық ақпараттық жүйелерін жетілдіруге қатысты туындаған жағдайды ескеріп, медициналық ұйымдарды қаржыландыру барысы туралы тұрақты түрде есеп беруде.

«Қаңтар-мамыр айлары үшін медициналық қызметтердің ақысы толық көлемде, ал маусым-қазан айлары бойынша – 99% төленді. Қазір қараша айының қызметтеріне ақы төлеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы алғанда, жылдық қаржыландыру көлемінің 81%-ы төленді. 20 желтоқсанда желтоқсан айының авансын төлеу жоспарлануда, себебі айдың нақты қорытындысы актілер тапсырылғаннан кейін, яғни қаңтарда белгілі болады», – деп мәлімдеді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Естеріңізге сала кетейік, цифрландыру шараларына байланысты төлемдерде кідірістер орын алған болатын. Десе де Қор қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық ұйымдар алдындағы 4 айлық берешек 1 айға дейін қысқарды.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz