04.12.2024
МӘМС ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ: ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АРНАЙЫ ЖОБАНЫ ҰСЫНДЫ
ӘМСҚ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне арналған ауқымды жобаны танымал Тengrinews.kz ақпараттық порталында іске қосты.
ӘМСҚ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне арналған ауқымды жобаны танымал Тengrinews.kz ақпараттық порталында іске қосты. «МӘМС қазақстандықтарға не береді?» «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ пен Тengrinews.kz порталының алғашқы бірлескен жобасы МӘМС жүйесінің 20-дан астам негізгі бағытын қамтиды және Қорға 2024 жылы келіп түскен ең өзекті 50 сұраққа жауап береді.
Жоба үш негізгі бөлімнен тұрады:
МӘМС туралы маңызды ақпарат
Диагностика, тексерулер, дәрі-дәрмек
Операция және оңалту
Жобаның басты мақсаты – халықты МӘМС жүйесіне қатысты ақпаратпен қамту, оның қағидаларын түсіндіру және жүйенің қазақстандықтарға медициналық қызметтерді алуға қалай көмектесетінін көрсету.

Қорда МӘМС жүйесін әрбір азамат үшін барынша түсінікті және ашық етуді мақсат етеді. kaz.tengrinews.kz порталындағы арнайы жоба арқылы тұрғындардың ең өзекті сұрақтарына жауап беріліп, Қордың қызметі жан-жақты ашып көрсетілді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесіне деген сенімді арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп, азаматтарға пайдалы ақпаратты заманауи әрі ыңғайлы платформалар арқылы ұсынуға дайын.
МӘМС жүйесіндегі құқықтарыңыз туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады: https://kaz.tengrinews.kz/specials/osms/

Ақпарат көзі

www.msqory.kz