07.11.2024
ӘМСҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында оқу өткізді. Іс-шара барысында қолданыстағы заңнаманың нормалары мен жоспарланған өзгерістер талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында оқу өткізді. Іс-шара барысында қолданыстағы заңнаманың нормалары мен жоспарланған өзгерістер талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің офицері Асан Айдарханов ӘМСҚ ұжымымен кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығысын болдырмау және жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру сұрақтарына жан-жақты тоқталды.

«Ұйымдарыңызда комплаенс-қызметі жұмыс істейтіндіктен, бұл тақырып сіздерге жақсы таныс деп ойлаймын. Сіздерді заңның қолданыстағы редакциясымен және жоспарланған түзетулерімен танысуға шақырамын. Мысалы, Агенттік сайтында сыбайлас жемқорлық бойынша сотталған азаматтардың тізімі жарияланады деп күтілуде. Сотталушы бұл тізімнен тек жазасын өтеген жағдайда шығарылады», – деп атап өтті Антикор өкілі.

Сондай-ақ, ол ұжымға сыйлық алу мен оған қатысты шектеулерді түсіндіріп, еңбек міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін мүдделер қақтығысына назар аударды. Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеуге шақырды.

«Жалпы алғанда, Қор квазимемлекеттік сектордың субъектісі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілер қатарына жатады. Біздің міндетіміз – өз құзыретіміз шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комплаенс-менеджері Меруерт Узденбаева.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz