01.11.2024
ӘМСҚ МЕН HOME CREDIT BANK ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
До конца года клиентам Home Credit Bank будут доступны услуги по ОСМС в мобильном приложении банка. Это стало возможно благодаря заключенному меморандуму о взаимном сотрудничестве между ФСМС и Home Credit Bank.
Жыл соңына дейін Home Credit Bank клиенттеріне банктің мобильді қосымшасында МӘМС қызметтері қолжетімді болады. Бұл Қор мен Home Credit Bank арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою нәтижесінде мүмкін болды. Бұл жаңашылдық әр клиенттің жүйедегі сақтандыру мәртебесін тексеруге және мобильді қосымша арқылы МӘМС жарналарын төлеуге мүмкіндік береді.

«Home Credit Bank-пен меморандумға қол қою – маңызды қадам. Біз банктің мобильді қосымшасына МӘМС жүйесін енгізу ақпарат алуды айтарлықтай жеңілдететініне сенімдіміз. Бұл халықтың МӘМС жүйесі туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі», – деді Алматы филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.
Home Credit Bank-пен меморандумға қол қою банк клиенттеріне МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Келешекте азаматтардың медициналық көмек алу құқығы жөніндегі білімдерін арттыру үшін қосымша сервистер қарастырылады.

«Біздің «Көмектесуге дайынбыз» стратегиямыз әлеуметтік жобаларды да қамтиды. Қазақстандық шағын және орта бизнес, бөлшек клиенттер үшін цифрлық банктерді құру арқылы, олардың күнделікті қаржылық мәселелерін шешуге көмектесе отырып, біз банктік емес қызметтерді де ұмытпаймыз. Ол клиенттерімізге маңызды және қажет. Home Credit Bank-тің онлайн пайдаланушыларының жайлылығы үшін біз МӘМС секілді және басқа да мемлекеттік қызметтерге қатысты сервистерді енгізудеміз. Клиенттердің жайлылығы – біздің басты міндетіміз, және біз бұл бағытта сервисті жетілдіре береміз», – деді басқарушы директор Станислав Тян.

Еске сала кетейік, азаматтар сақтандыру мәртебесін бұрынғыдай Қордың ресми кері байланыс арналары, атап айтқанда, Qoldau 24/7 қосымшасы, msqory.kz сайты және Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы тексере алады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz