07.10.2024
ҚОРДЫҢ БҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қордың басқарма төрағасының бұйрығымен Сандуғаш Болысбекова Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.
Қордың басқарма төрағасының бұйрығымен Сандуғаш Болысбекова Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін ол астаналық филиал директорының орынбасары қызметін атқарып, сондай-ақ Орталық аппараттағы медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінде медициналық көмекті мониторингтеу әдіснамасы басқармасының басшысы болды.

Сандуғаш Киясбайқызы Астана медициналық университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Жалпы жұмыс өтілі 13 жылдан астам, оның ішінде 5 жылдан астам уақыт жетекшілік қызметтерде еңбек етті.

«Сандуғаш Киясбайқызы, Қорда жинақталған тәжірибеңізді өңірде барынша қолданасыз деп сенемін. Сізге сәттілік тілеймін», – деді жаңа филиал басшысын ұжымға таныстырған кезде Қор төрағасы Әбілқайыр Сқақов.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында филиал директоры қызметін атқарған Байтолла Ғазизов өз еркімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz