03.10.2024
МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ «BEREKE BANK» КЛИЕНТТЕРІНЕ ДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ
Қор халықпен кері байланыс арналарының аясын кеңейту мақсатында «Bereke Bank» акционерлік қоғамымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді банк клиенттеріне мобильді қосымша арқылы МӘМС қызметтері қолжетімді болады.
Қор халықпен кері байланыс арналарының аясын кеңейту мақсатында «Bereke Bank» акционерлік қоғамымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді банк клиенттеріне мобильді қосымша арқылы МӘМС қызметтері қолжетімді болады. Бұл жаңашылдық банктің әр клиентіне мобильді қосымша арқылы сақтандырылу мәртебесін және төлемдердің тұрақтылығын тексеруге мүмкіндік береді.

«Қор азаматтарға МӘМС бойынша ақпаратты алуды барынша жеңілдетуге мүдделі. Екінші деңгейдегі банктермен өзара ынтымақтастық оларға ыңғайлы форматта мәртебені тексеру функциясын қолжетімді етуге көмектеседі», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.
«Bereke Bank» АҚ-мен меморандумға қол қою ең алдымен банк клиенттері үшін МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада пациенттердің құқығы мен медициналық көмек алуға қатысты білімін арттыру үшін қосымша қызметтер қарастырылады.

«Қысқа мерзімді перспективада Bereke Bank мобильді қосымшамызға қосымша сервистер енгізіледі. Жаңа функционалды 2024 жылдың соңына дейін іске асыруды жоспарлауда. Бүгінгі меморандумға қол қою – қазақстандықтардың денсаулығын қорғау мақсатындағы тиімді серіктестіктің бастамасы», – деп мәлімдеді корпоративтік бизнес жөніндегі басқарушы директор Владимир Бондарь.

МӘМС бойынша мәртебені тексеру қызметі бұған дейін 3 банктің, атап айтар болсақ, Kaspi Bank, Halyk Bank және Банк ЦентрКредит қосымшаларында қолжетімді болды.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz