30.09.2024
ҚОРДЫҢ ЕКІ ФИЛИАЛЫНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында филиал директорлары ауысты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында филиал директорлары ауысты. Басқарма төрағасының бұйрығымен Ғайни Аймағанбетова Жамбыл облысы филиалының директоры болып тағайындалды. Ол 2018 жылдан бері директордың орынбасары, ал соңғы екі айда директор міндетін уақытша атқарушы болды.
«Ғайни Төленқызы, сіздің бұл салада беделіңіз де, мол тәжірибеңіз де бар. Сондықтан осы лауазымда өз әлеуетіңізді тиімді пайдалана аласыз деп сенемін. Сізге сәттілік тілеймін!» – деді жаңа директорды ұжымға таныстыру кезінде Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры болған Байтолла Ғазизовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен кеткені белгілі болды. Оның Қордағы еңбек өтілі үш жылдан астам, соның ішінде Атырау облысы филиалын басқарған кезеңі де бар. Қор басшысы оның жетістіктері мен әріптестері арасындағы беделін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz