27.09.2024
ҚОРДА БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында басқарма төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды. Бұл қызметке бұған дейін медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры болған Светлана Пономарева тағайындалды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында басқарма төрағасының жаңа орынбасары таныстырылды. Бұл қызметке бұған дейін медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры болған Светлана Пономарева тағайындалды. Светлана Пономарева – білімі бойынша фтизиатр-дәрігер, медицина саласында 35 жыл еңбек еткен. Еңбек жолын Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде бастаған. Әр жылдары ол медициналық көмекті ұйымдастыру және статистиканы жетілдіру орталығында, денсаулық сақтау қызметтерін дамыту және медициналық көмекті стандарттау орталығында, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының медициналық-экономикалық талдау және сараптама орталығында, медициналық ақпараттық талдау департаментінде жетекші лауазымдарда қызмет атқарды. 2019 жылдан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры болды.

«Біз меритократия қағидатын ұстанамыз және өз кадрларымызды тәрбиелейміз. Светлана Владимировна – жоспарлау, болжау және медициналық көмекті сатып алу сұрақтары бойынша жетекшілік ететін тәжірибелі маман. Бұл – бір-бірімен байланысты үлкен жұмыс блогы. Алдарыңызда өзекті міндеттер тұр. Алда үш жылдық бюджетті қалыптастыру міндеті бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!» – деп тілек білдірді Әбілқайыр Сқақов.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz