03.09.2024
ЕМХАНАЛАР «МСАК КӨШБАСШЫСЫ» АТАҒЫ ҮШІН СЫНҒА ТҮСЕДІ
1 қыркүйекте еліміздің әр өңірінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекемелер арасында ауқымды байқау басталды. 
1 қыркүйекте еліміздің әр өңірінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекемелер арасында ауқымды байқау басталды. Ұйымдастырушылар - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары. Үздік емхана МӘМС жүйесінде қамтылған азаматтар санының көрсеткіші, арыз-шағымдар санының төмендеуі, медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен қағидаттары туралы ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялау сынды байқау шарттарының негізінде анықталады.

Байқау 1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында өтеді. Оның қорытындысы 2024 жылдың 15 желтоқсанында жарияланады.

Атап өтейік, МСАК мекемелері арасындағы алғашқы байқау маусым айында Қарағанды облысында өтті.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz