18.07.2024
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚОР ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының басшысы «орталық-өңір» ротациясы қағидаты шеңберінде ауысты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының басшысы «орталық-өңір» ротациясы қағидаты шеңберінде ауысты. Қордың басқарма төрағасының бұйрығымен Талғат Тұрмағанбет Ақмола облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қор аппаратының басшысы қызметін атқарды.
«Талғат Әділханұлы өз еңбек жолында бірнеше министрлікте істеді, сондай-ақ Қорда үлкен тәжірибесі бар. Сіз өзіңіздің біліктілігіңізді, дағдыларыңыз бен тәжірибеңізді тиімді қолдана алатыныңызға сенімдімін», - деді ұжымға жаңа филиал директорын таныстыру барысында Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Айта кетейік, Талғат Тұрмағанбет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Ол Стратегия бөлімін басқарды, сонымен қатар аппарат басшысы болды.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz