18.07.2024
ҚОРДЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қордың басшылық құрамында кадрлық өзгерістер орын алды.
Қордың басшылық құрамында кадрлық өзгерістер орын алды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының бұйрығымен Сәуле Тәжібаева Қордың басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Хабар Агенттігі» АҚ жоспарлау және қаржы департаментін басқарды.
«Сәуле Мұсанқызының 28 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде 17 жылдан астам басшылық лауазымдарда істеді. Еңбек жолын Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы блогынан бастады, Денсаулық сақтау саласында 20 жылдан астам жұмыс істеді. Оның кәсіби дағдылары мен білімі Қор жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталатынына сенімдімін. Жауапты қызметіңізге табыс тілеймін», - деді жаңа орынбасарды ұжымға таныстыру барысында Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Сонымен қатар, Сәуле Тәжібаева Ұлттық нейрохирургия орталығының, Республикалық диагностикалық орталықтың және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Корпоративтік басқаруда тәжірибесі мол.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz