10.07.2024
КАДРЛАРДЫ РОТАЦИЯЛАУ: ҚОРДА ҮШ ФИЛИАЛДЫҢ ДИРЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов бірнеше филиалдың директорын таныстырды.
Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов бірнеше филиалдың директорын таныстырды. Басқарма төрағасының бұйрығымен Бахит Исмаханбетов Қордың Түркістан облысы бойынша филиалының директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін Маңғыстау және Қызылорда облыстары бойынша филиалдарын басқарған. Оның 36 жылдан астам үлкен жұмыс тәжірибесі бар әрі оның 29 жылын басшылық лауазымдарда атқарды.
Сәбит Құралбек Жамбыл облысы бойынша филиалына басшы болып келді. Бұрын ол Шымкент қаласы, Алматы және Атырау өңірлерінің филиалдарын басқарған. 28 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 20 жылын басшылық қызметтерде істеді.

Өз кезегінде Ләззат Әлімова Жамбыл облысы бойынша филиал директоры қызметінен Шымкент қаласы бойынша филиал директоры болып ауыстырылды. Ол 36 жыл еңбек өтілінің 35 жылын басшылық лауазымдарда істеді.
«Құрметті әріптестер, сіздер денсаулық сақтау жүйесінде жинақталған тәжірибелеріңізді өз өңірлеріңізде Қордың жұмысына жаңа сапалы бағыт бересіздер деп үміттенемін. Ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында табыс тілеймін», - деді филиал директорларын ұжымдарға таныстыру барысында Қордың басқарма төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрларды ротациялау жүргізілуде. Осыған байланысты бірнеше филиалдың басшылары ауыстырылды.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz