26.06.2024
ҚОРДЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорында кадрлық өзгерістер жалғасуда. Астана қаласы бойынша филиалының басшысы ауысты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорында кадрлық өзгерістер жалғасуда. Астана қаласы бойынша филиалының басшысы ауысты. Қордың басқарма төрағасының бұйрығымен Гүлжан Шайхыбекова Астана қаласы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.

Еңбек өтілі 28 жылдан асады, оның ішінде 20 жылдан астам басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

«Гүлжан Тұрарқызы - денсаулық сақтау саласын жақсы білетін білікті маман. Сіз өзіңіздің барлық жинақталған тәжірибеңізді жұмыстың жаңа бағытында белгіленген мақсаттарға жету үшін қолданатыныңызға сенімдімін», - деді жаңа директорды елорда филиалының ұжымына таныстыру барысында Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.

2022 жылдан бастап Гүлжан Шайхыбекова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді. Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментін басқарған.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz