18.06.2024
ФРАНЦИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ САРАПШЫЛАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Францияның қоғамдық денсаулық сақтау мектебінен келген делегация Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдерімен тәжірибе алмасты.
ФРАНЦИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ САРАПШЫЛАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Францияның қоғамдық денсаулық сақтау мектебінен келген делегация Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдерімен тәжірибе алмасты.

Кездесу барысында Қордың Басқарма Төрағасы Әбілқайыр Сқақов Франция мектебі өкілдеріне алғысын білдіріп, оның кадр даярлау және қоғамдық денсаулық сақтау мен денсаулық сақтау жүйесін басқару саласында ғылыми зерттеулер жүргізудегі жоғары маңыздылығын атады.
Франциядан келген делегацияға медициналық сақтандырудың қазақстандық моделі таныстырылып, сондай-ақ Қордың қызметі және қаражатты бөлу, ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмектің көлемін жоспарлау тәсілдері егжей-тегжейлі көрсетілді. Медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізу және медициналық қызметке ақы төлеу сұрақтарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар ынтымақтастық аясында Қор мен оның филиалдары, Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Семинардың мақсаты денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселелерін шешудің ықтимал жолдарын таныстыру болды. Францияның қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің өкілдері Хилье Самуэль, Андре Жан-Мари және Бошет Мюриэль Францияның денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тәсілдерін таныстырып, өз елдерінде және Еуроодақтың өзге де елдеріндегі медициналық сақтандыру жүйесінің қызметі туралы айтып берді.

Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына, сондай-ақ еліміздегі МӘМС жүйесінің дамуына ықпал етеді.
Аталған кездесу Францияның қоғамдық денсаулық сақтау мектебімен ынтымақтастықтың әрі қарай дамуына қызмет етпек.

Бұған дейін ӘМСҚ өкілдері Литва Республикасының медициналық сақтандыру жүйесінің өкілдерімен тәжірибе алмасқан болатын.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz