13.06.2024
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ӘМСҚ ДИРЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының жаңа басшысы ротация тәртібімен ауысты.

Басқарма төрағасының бұйрығымен Нұрлан Қыдырбаев Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Бұрын ол Қордың Түркістан және Шығыс-Қазақстан облыстарындағы филиалдарын басқарды.

Нұрлан Икрамұлы медицина ғылымдарының кандидаты, «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (phd), «Менеджмент» мамандығына ие. Жалпы еңбек өтілі 21 жылдан астам, оның ішінде 6 жылдан астам басшылық қызметте жұмыс атқарған, денсаулық сақтау саласында көп жылдық тәжірибесі бар.

Қордың Басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов Филиал қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және медициналық ұйымдармен сындарлы диалог орнату қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz