27.05.2024
ҚОРДЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.

Басқарма төрағасының бұйрығымен Тілеухан Әбілдаев ротация тәртібімен Алматы облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Бұрын ол Қордың Алматы қаласы бойынша филиалын 2020 жылдың маусым айынан бастап басқарды. Бұған дейін қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Тілеухан Шілдебайұлы өз мамандығы бойынша хирург, әр жылдары хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігер, республикалық және ұлттық орталықтар филиалдарының директоры лауазымын атқарып, қызметке ақы төлеу комитетінің департаменттерін басқарды.

Директор орынбасары қызметін атқарған Жанар Кенжебаева Алматы қаласы бойынша филиал директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz