Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
Сақтандырылмаған қазақстандықтар қандай медициналық көмекке сенім арта алады
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Бүгінгі таңда Қазақстанда 15,3 млн адам немесе 80,1 % сақтандырылған болып табылады. Сонымен қатар 3,8 млн адам немесе халықтың 19,8%-ы сақтандырылмаған мәртебеде қалып отыр. Бірақ өзінің мәртебесіне қарамастан, азаматтардың бұл санаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге де сенім арта алады.
Сақтандырылмаған азаматтар сенім арта алатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) не кіреді:
1. Жедел жәрдем қызметтері;
2. Белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін жедел медициналық көмек;
3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:
1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару; 2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру; 4) иммундау (вакцинация); 5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау; 6) репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шаралар; 7) босанғаннан кейінгі кезеңдегі және жүкті әйелдерді бақылау; 8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
4) иммундау (вакцинация);
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
6) репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шаралар;
7) босанғаннан кейінгі кезеңдегі және жүкті әйелдерді бақылау;
8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы, диагностикасы; 2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері; 3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу; 4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.
1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы, диагностикасы;
2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;
3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;
4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.
1) әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі емделулер; 2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан жалпыға бірдей үйдегі стационардың қызметтері;
3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі емдеу.
1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде; 2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде; 3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу; 4) жоспарлы тәртіпте.
1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;
4) жоспарлы тәртіпте.
1) негізгі ауруды емдеуде; 2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.
1) негізгі ауруды емдеуде;
2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.
9. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;
11. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту;
13. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе сізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Ақпарат көзі