Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
38 мың қазақстандық МӘМС жүйесіне оралды
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
2021 жылғы 1-шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 83,5% - ы медициналық сақтандырудың қатысушылары болып табылады, яғни 15,85 млн адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.
Басқрама Төрағасы Қор тарапынан Қазақстан Республикасының МӘМС туралы Заңына сәйкес соңғы 3 айда төлем жүргізген 38 мың азаматты МӘМС жүйесіне қайтару бойынша жұмыс жүргізілгені, сондай-ақ дербес төлеушілер бойынша МӘМС жарналарын төлеуге қатысты шаралар қабылданғанын атап өтті.
"Бұл ретте МӘМС жүйесінен 3 млн-нан астам қазақстандық тыс қалып отыр, бұл халықтың осы бөлігі үшін МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қолжетімділігіне байланысты белгілі бір проблемаларды туғызады. Бірақ, жүйеден тыс қалғандар да әрқашан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет алуға құқылы", - деп Қор басшысы өз сөзінде айтып өтті.
Сақтандырылмағандардың ішінде 1,6 млн адам МӘМС үшін тұрақсыз төлем жасағандар болып табылады. Яғни, олар үшін қандай да бір аударымдар және (немесе) жарналар алынған, бірақ тұрақты түрде емес, сол себепті берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда сақтандырылу мәртебесі жоқ болып есептеледі. Өйткені БЖТ немесе жарнаның дербес төлеуші ретіндегі бірлі-жарым төлемдері МӘМС пакетінде барлық 12 ай бойы медициналық қызметтерді алуға құқық бермейді. Төлемдердің жүйелілігін сақтау әрқашан маңызды болып табылады.
Тағы 1,5 млн. адам МӘМС үшін бір рет болсын жарна төлемеген.
Болат Төкежановтың айтуынша, 2021 жылдың басымен салыстырғанда сақтандырылған қазақстандықтардың саны 2% - ға немесе 328 038 адамға азайған.
Қор басшысының мәліметінше, сақтандырылмаудың жоғары көрсеткіші Қостанай (23,2%), Алматы (22,3%), Түркістан (21,8%) және Жамбыл (20,2%) облыстарының тұрғындары арасында байқалуда.
Болат Төкежанов осы бағыттағы бірқатар проблемаларды атап берді, олардың ішінде ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты сәйкестендіру мен өзектендіруді, жұмыссыздар үшін МӘМС жүйесінде медициналық көмектің қол жетімсіздігін және жалдамалы қызметкерлердің МӘМС жүйесінен түсіп қалуын айтты.
"Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келетін болсақ, олар бойынша МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін автоматты түрде беру үшін Қордың ақпараттық жүйелерін ҚР ІІМ КҚК ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселесі пысықталуда", - деп атап өтті Қор басшысы.
Жоғарыда аталғандарға байланысты, Қор басшысы атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау басқармасының, медициналық ұйымдардың, Атамекен ҰКП мен аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының белсенді қатысуымен халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша өңірлік штабтар жұмысының тиімділігін арттыру қажеттігін мәлімдейміз.
Ақпарат көзі